Түркия президенттігіне үміткер болған Кылычдароғлу 110 жылға сотталуы мүмкін
Оның үстінен 28 іс қозғалған, жалпы барлық іс бойынша 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оған саяси қызмет атқаруына тыйым салынуы да мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.
Президенттік сайлаудың екінші турында 47,82 пайыз дауыс жинап, Ердоғаннан жеңіліп қалған саясаткер Кемаль Кылычдароғлуны қатысты іс Анкара прокуратурасына жіберілген.
Кылычдароғлу 110 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған саяси қызметтерге тыйым салынуы мүмкін, - делінген хабарламада. - Кылычдароғлудың адвокаты Джелал Челиктің айтуынша, саясаткерге қарсы 28 іс қозғалған. Көп жағдайда президент Режеп Тайып Ердоған себепкер болған. Сонымен қатар, көптеген сот ісі бойынша саясаткер 4 жылға дейін, ал жалпы алғанда барлық сот ісі бойынша 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кылычдароғлу өзінің жеңілгенін мойындайтынын немесе дауыс беру нәтижелеріне қарсы шығатынын мәлімдеген жоқ. Бірақ ол демократия үшін күресті Түркияда "сөздің шын мағынасында" жүзеге асырылмайынша жалғастыратынына сендірді.