Енді Қазақстан мен Қытай арасында визасыз қатынауға болады
Қазақстан мен Қытай үкіметі өзара визасыз режим енгізу келісіміне қол қойды
Қытай Халық Республикасына іссапармен барған ҚР Президенті мен ҚХР төрағасы келіссөз өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз аясында 23 құжатқа қол қойды. Оның ішінде азақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім де бар.
Екі жақты визасыз режимді енгізу жоспары сәуір айында белгілі болды.
Құжатқа сәйкес қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:
- ҚР азаматтының төлқұжаты;
- ҚР аумағына қайту туралы куәлік.
Қытай азаматтары үшін:
- ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
- ҚХР азаматының төлқұжаты;
- уақытша жол жүру құжаты.