Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті 5 жылдан кейін қайта ашылды

Түркия астанасындағы ірі әрі көрікті мешіттердің біріндегі қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды

Новости мира / Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті 5 жылдан кейін қайта ашылды
Фото:
depositphotos.com

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 5 жыл жүргізілді. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде электрмен қамтамасыз ету жүйесі толығымен ауыстырылды. Тастары тазаланды. Әйнектері өңделді. Сондай-ақ, ғимараттың сейсмикалық төзімділігі де тексеруден өткен.

Көгілдір мешіт немесе Сұлтанахмет мешіті – Стамбулдағы ірі және көрікті мешіттердің бірі. Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады. Ол Мәрмәр теңізінің жағалауындағы, көне тарихымен танымал Сұлтанахмет ауданында, Аль-Софья мешітіне қарсы орналасқан. Мешіт қала нысандарының біріне кіреді. Мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Ол № 356 нысан болып тіркелген.

Ол 1616 жылы ашылған. Сұлтан Ахмет бұл мешітті Алланың ризашылығы үшін салуға бұйрық берген. Мешіт құрылысы 1609 жылы басталған. Көк мешіттің сәулетшісі - Седефкар Мехмет Ага. Ол Синан атты сәулетшінің шәкірті әрі бас көмекшісі болған. Мешіттің ғажап элементтерінің бірі - михраб. Михраб - мінәжат ететін қуыс. Ол мәрмәрдан соғылған. Михрабқа Меккеден әкелінген қара тас қойылған.

Следующая →