Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан-Қытай арасында визасыз режім енгізіледі

ҚР Сыртқы істер министрлігі осындай қаулының жобасын әзірледі

Новости мира / Қазақстан-Қытай арасында визасыз режім енгізіледі
Фото:
depositphotos.com

Енді Қазақстан азаматтары Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады.

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі. Азаматтар шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары: ҚР азаматтының төлқұжаты; ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін: ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты; ҚХР азаматының төлқұжаты; уақытша жол жүру құжаты.

Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді, - делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.


Следующая →