Қазақстандықтар Түркияда киіз үйлер құрып жатыр
Қазақстандықтар Түркияға 100-ге жуық киіз үй жіберді, оларды сатып алуға белсенділер 20 млн теңге жинады
Түркиядағы киіз үйлердің суреттері әлеуметтік желілерде кең тарауда. Сонымен қатар, диаспора жер сілкінісінен зардап шеккендерге тамақ дайындауға қатысады.
Қазақ киіз үйлері Кахраманмараш провинциясында орналасқан Эльбистан қаласында қойыла бастады. Еріктілер оларды дүмпулерден қатты зардап шекпеген аудандарға орналастыруда.
Еріктілер киіз үйлердің шатырларға қарағанда әлдеқайда жылы екенін айтуда.
Осы орайда айта кетейік, ҚР Үкіметі Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібергенін мәлімдеді.
Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.