Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан болып жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды
Күндізгі сессияда Қазақстаннан алғашқы болып рингке екі мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбай шықты.
Ол 50 келіге дейінгі салмақта Жапония елінің өкілі, 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері Намики Цукимимен жұдырықтасты.
Назым осы чемпионатта ширек финалда моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен қолғап түйістірген болатын. Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берген еді.
Назым Қызайбайдың жартылай финалдық бәсекесі де қызу өтті. Қос боксшы аянып қалған жоқ. Төрешілер жеңісті басым дауыспен жапониялық спортшыға берді.
Н. Цукуми финалда вьетнамдық Ти Там Нгуенмен алтын жүлдені сарапқа салады.
Сондай-ақ бүгін Азия чемпионатында тағы сегіз боксшы қызымыз финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетейік, Азия чемпионатын Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңіспен түйіндеген болатын.