Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста 36 азамат қаза тапқан
Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен теле-радиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.
Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.
17 қыркүйек Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.