Ел бюджетіне салынған сапасыз баспана
Ипотекаға алынбаса да, Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы ел бюджетіне салынған үйлер сапасыз

Фото:
1poclimaty.ru
Жыл өтпей жатып жылу жүйелері жарылған. Көгерген үйде күн кешу көптің ызасын тудырды. Сыз басқан баспанада тұру мүмкін емес деген тұрғындар бұл берекетсіздікке әкімдіктті айыптайды.
Айтуларынша ақжағалылар үйді қабылдап алғанда, кемшіліктерді көре тұра көз жұма қараған.
Сорғалаған су сорына айналған жұрт жыларман күйде. Бекер емес, бұл жағдай бір ғана пәтерде болса бір сәрі, бүкіл үйдің жылу жүйесі қысымға шыдамай қыстың көзі қырауда жарысып жарылуда.
Авторы: Сәкен Ерасыл