Әлем бойынша әуе билеттері 16 пайызға қымбаттауы мүмкін
Еуроодақтағы, тіпті бүкіл әлем бойынша әуе билеттері кем дегенде 16 пайызға қымбаттауы мүмкін
Бұл туралы әуе сарапшылары айтты, деп жазады Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап. Сарапшылар мұны Еуропалық комиссияның шығарындыларды азайту жөніндегі ұсынысына байланысты болуы мүмкін.
Әңгіме Fit for деп аталатын Еуропалық комиссияның шаралар пакеті туралы болып отыр. Ол парниктік газдар шығарындыларын келесі сегіз жыл ішінде 1990 жылғы деңгейден кем дегенде 55 пайызға азайтуға бағытталған. Ұсынысты ACI Europe әуежайлар қауымдастығы сынап тастады және олар ұсынылған барлық шара рейстерге "олардың әсерін жан-жақты бағаламай" жарияланды деп мәлімдеді.
ЕО ұсыныстары тарифтердің айтарлықтай өсуіне әкеледі, - деп ескертеді әуе сарапшылары.
Нәтижесінде туристер жаңа соққыға тап болады, өйткені әуе билеттерінің бағасы көтеріледі. ЕО-ның зиянды шығарындыларды азайту схемасы 2030 жылға қарай ұшу құнының орташа есеппен 16 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін, дейді олар.
Сонымен қатар, Испания, Грекия және Италия сияқты танымал бағыттар ең көп зардап шеккендердің қатарында болады. Туристік қызметтерге сұраныс болжамды 11 пайызға төмендейді, дейді зерттеушілер. Аймақаралық тасымалдау да зардап шегеді. Жалпы, ACI Europe бас директоры Оливье Янковецтің айтуынша, Еуропалық комиссияның ұсынысы "жағымсыз және күтпеген салдарға" қауіп төндіреді.