АҚШ президенті тағы бір пандемияға дайындалуға шақырды
Бұл туралы АҚШ-тағы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден Конгрессті жаңа пандемияға дайындалуға және бюджетті жоспарлауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бізге вирустың келесі толқынын жоспарлау үшін көбірек ақша қажет. Тағы бір пандемия болады. Сол себепті де алдын ала ойлануымыз керек. Ол қаржыны талап етеді, – деді америкалық көшбасшы.
Наурыз айында Ақ үй АҚШ Конгресін коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін қосымша 22,5 миллиард доллар бөлуге міндеттеген еді. Айтуларынша, қаражат вакцина сатып алуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін барлық қажетті затпен қамтамасыз етуге жұмсалады.