Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды: жүздеген адам қаза тапты
Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен шамамен 130 адам қайтыс болды
6,1 балл болатын жер сілкінісі Пәкістан шекарасына жақын орналасқан Хуст қаласынан шамамен 44 шақырым жерде болған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, ол 51 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап.
Ел билігі қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Талибан әкімшілігі Апат министрлігінің басшысы Мохаммед Нассим Хаккани қайтыс болғандардың көпшілігі Пактика провинциясында екенін, онда 255 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алғанын айтқан.
EMSC мәліметінше, Пәкістанда, Ауғанстанда және Үндістанда 119 миллионға жуық адам дүмпуді сезген. Ауған бұқаралық ақпарат құралдары қираған үйлердің суреттерін жариялап жатыр.