Доллар мен жағаласа асқақтаған ас атасы
Долларбағамы 10 теңгеге қымбаттаса бүгін еліміздің браз өңірінде ас атасы 10 теңгеге көтерілген
Фото:
24.kz
Нақтырақ айтсақ Атырау, Ақтөбе мен Қостанай қалаларында нан бағасының едауір қымбаттап жатқаны көпшіліктің наразылығын туғызуда. Ас атасы бүгін енді Петропавлда да көтерілді. Еліміздің ең астықты өлкесіндегі бір бөлкенің өзіне тағы 10 теңге қосылған. Шенеуніктердің айтар жауабы белгілі. Сұрай қалсаң, субсидия тоқтады, шикізаттың құны өсті дейді. Қалталыларға ештеңе етпес, бірақ зейнеткерлердің қалтасына салмақ салары белгілі. Наразылық танытып жатқандары да сондықтан.
Петропавлдағы дүкендерде бұған дейін 50 теңгеден саудаланып келген бөлке нан 65 теңгеге бірақ өскен. Сатушылардың сөзінше, демалыс күндері шағын наубайханалар нанның бағасын 15 теңгеге қымбаттатқан. Ал кейбір дүкендерде тіпті, қазірдің өзінде 67, 70 теңгеден сатылуда.
Авторы Еркебұлан Серікұлы