Мың құбылған ауа райы қарағандылықтарды әбігерге салған
Қарағанды облысында жаңбырдан кейін көктайғаққа айналған жолдарда қозғалыс қиындап, көліктер соқтығысуда
Фото:
belive.ru
Құтқарушылар бір күннің ішінде 50-ге жуық адамды құтқарғандарын айтады.
Жезқазған тас жолында көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусы жолдан тайып кетіп, тұрып қалған. Отыз адам, оның ішінде екі бала болған қоғамдық көлікті құтқарушылар жолдың жиегінен алып шығып, жақын маңдағы станцияға жеткізуге көмектескен. Ал «Жезқазған-Петропавл» жолында қар кептелісінен 13 адам және 1 техника шығарылды.
Дәрігерлік көмекке мұқтаж болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Қазір Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша жүк көліктер мен автобустар үшін жабылған жолдар, тек бірер сағат бұрын ғана ашылды.
Авторы Сәкен Ерасыл