Александр Вучич тағы да Сербия президенті болды
Дауыс беру қорытындысы бойынша оның ең жақын қарсыласы 15% дауыс жинады, ал Вучичке сайлаушылардың 60% дауыс берді
Фото:
srbija.gov.rs
Сербия Президенті өз елі әскери бейтараптықты сақтап, барлығымен, соның ішінде Ресеймен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысатынын айтты, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Сербияда ешкім Достоевский мен Чайковскийді жоққа шығармайды", - деді Александр Вучич.
Ол Сербия оның басшылығымен жаңартылған жолмен жүріп, жақында тез дамып келе жатқан елдердің біріне айналатынына сенімді.