Перуде жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты
Олар жанармай құнының күрт өсуіне наразылық білдіріп, бүкіл ел бойынша жолдарды жауып тастады
Фото:
pexels
МИР 24 сайтында хабарланғандай, Перуде жүк тасымалдаушылардың жалпы ұлттық ереуілі өтіп жатыр.
Жүргізушілер жанармай бағасының өсуіне және ақылы автокөлік жолдарында тарифтердің өсуіне наразы.
Ел билігі қалалар мен елордадағы тауар резервтері бірнеше күнге жетеді деп мәлімдейді.
Бұған дейін Испанияда балықшылардың ереуілі туралы хабарланған болатын.