Куба тұрғындары бензин тапшылығына тап болды
Ірі жылу электр станциясындағы ауқымды апат пен логистика проблемаларына байланысты халыққа сұйық отын жетіспейді

Жергілікті жанармай құю бекеттерінде автокөлік иелері бірнеше сағат бойы кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Жаппай өшіруді болдырмау үшін көптеген дизель генераторларын іске қосу туралы шешім қабылданды. Оларға дизель отынын жеткізу үшін бензовоздардың барлық паркі қолданылады.
Нәтижесінде қоймаларда бензин жеткілікті, бірақ оны жанармай құюға жеткізетін ештеңе жоқ.
Куба астанасы Гаванада қазірдің өзінде шектеулер бар — бір адамға бір уақытта 20 литрден аспайтын отын сатылады.