Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар 423 миллионнан асып кетті
20 миллионнан астам инфекциясы бар елдерге әлі де АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді
Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, жексенбі күні таңертең әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 423 миллион 62 мың 224-ке жетті.
Әлемде COVID-19 инфекциясынан кейін вирус тарала бастағаннан бері 5 миллион 881 мың 378 адам қайтыс болды.
20 миллионнан астам инфекциясы бар елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.
Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшылықты АҚШ ұстап тұр, онда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 78 миллион 457 мың 222, қайтыс болғандар саны 934 мың 951 болды.
Үндістан жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 42 миллион 822 мың 473-ке жетті. Ал вирусты жұқтырудың салдарынан қайтыс болғандар саны - 511 мың 903.
Анықталған COVID-19 жағдайлары бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 28 миллион 177 мың 367 адам жұқтырған, оның 644 мың 195-і қайтыс болған.