Пальма аралында жанартау атқылауы бір айға созылады
Тұрақты жер асты дүмпулері орын алуда, жеті мың тұрғын эвакуацияланды, тұрғын үйлер мен шаруашылықтар қирады
Испанияның Канар аралдарының құрамына кіретін Пальма аралында жанартау атқылауы бір айдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды Батыс баспасөзі.
Бүгінгі таңда қаза тапқандар жоқ, бірақ 2 мыңға жуық үй жойылды, деп хабарлайды БАҚ Испания үкіметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Аралдың 85 мың тұрғынының 7 мыңға жуығы эвакуацияланды.
Бұл Атлант мұхитындағы аралдағы жанартаудың жүзжылдықтағы үшінші атқылауы, алдыңғы 1971 жылы болған.
Бірнеше күн бұрын Пальма аралында 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді.