Германиядағы су тасқыны кезінде 157 адам қайтыс болды
Нөсер Австрия, Швейцария, Люксембург және Нидерландыға да жауды, Бельгия билігі 27 адам батып кетті деп хабарлайды
Жексенбі күні Рейнланд-Пфальц федералды жеріндегі Шульд ауылына барған Германия канцлері Ангела Меркель елдегі су тасқыны жағдайын, әсіресе апаттан зардап шеккендердің жағдайын қорқынышты деп атады.
Инфрақұрылымға, соның ішінде тұрғын үй қорына үлкен залал келді.
Следующая →
"Бұл керемет қорқынышты жағдай, неміс тілінде жойқынды сипаттайтын сөздер жоқ шығар", - деді ол журналистерге.Жергілікті биліктің соңғы мәліметтері бойынша, Германияның батысындағы жерлерде су тасқынының құрбандары 157 адам болды, олардың 110-ы Рейнланд-Пфальцте. Кем дегенде 670 адам зардап шекті.
Инфрақұрылымға, соның ішінде тұрғын үй қорына үлкен залал келді.