Колумбияда бірнеше тонна кокаин тәркіленді
Колумбия билігінің хабарлауынша, есірткі партиясы Даиро Антонио Усуга бастаған "Клан дель Гольфо" қылмыстық тобына тиесілі
Колумбия билігі Панама мен АҚШ-тағы әріптестерімен бірлесе отырып, құны 185 миллион доллар тұратын 5,4 тонна кокаин тәркіледі, деп хабарлады елдің әскери-теңіз күштері.
Есірткі салынған сөмкелердің бір бөлігін Колумбияның жағалау күзеті қуғаннан кейін ұстаған жылдам қайықтан тауып алды, ал кейбіреулері жағаға жасырылды.
Следующая →
Есірткі салынған сөмкелердің бір бөлігін Колумбияның жағалау күзеті қуғаннан кейін ұстаған жылдам қайықтан тауып алды, ал кейбіреулері жағаға жасырылды.
- Егер бұл заңсыз өнім Америка Құрама Штаттарына немесе Еуропаға еніп кетсе, бұл 16 миллион доза осы елдердің көшелеріне сатылып, бүкіл әлемдегі халықтың денсаулығына әсер етеді, - деді Колумбия Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының өкілі журналистерге.Колумбия билігінің хабарлауынша, бұл кокаин партиясы Колониада есірткіге ең көп күдікті болып табылатын Отоньель деген атпен танымал Диро Антонио Усуга бастаған "Клан дел Гольфо" қылмыстық тобына тиесілі болған.