Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Флойдтың сотынан кейін Миннеаполисте бүлік болады деп күтілуде

Афроамерикандықтың өлімі штаттарда көптеген наразылыққа әкелді. АҚШ-тың үлгісімен басқа елдерде нәсілшілдікке қарсы наразылық акциялары өтті

АҚШ билігі халық арасында резонанс тудырған афроамерекандық Джордж Флойдтың өліміне қатысты сот үкімінің шығарылуына байланысты бүкіл ел бойынша бүкіл ел бойынша қауіпсіздік күштерін күшейтуде. Әсіресе Нью-Йоркте, Лос-Анджелесте және Чикагода, деп хабарлайды USA Today басылым. 

Басылым бұл іс бойынша сот үкімі жарияланғаннан кейін халық арасында наразылық туу мүкін деп  атап өтті.

Атап айтқанда, Флойд 2020 жылы қайтыс болған Миннесота, Миннеаполис орталығында, жолдар жабылып, қарулы сарбаздар көше кезіп жүр. Қоғамдық тәртіпті құқық қорғау органдары  мыңдаған полицейлер мен Ұлттық ұланның жауынгерлері сақтауда. Ұлттық ұлан жауынгерлері қаладағы негізгі қиылыстарды күзетуде. Миннеаполис орталығындағы көптеген мекемелер жабық. 

Қала билігі кез келген зорлық-зомбылық немесе мүлікке зиян келтіру актісіне жедел жауап беруге уәде берді. Сонымен қатар, USA Today-дың  нақтылауынша, қала әкімшілігі полицияға наразылық білдірушілермен қатар ақ нәсілшілдердің белсенді болуынан қорқады.

Осыған дейін АҚШ-та бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовиннің Флойдты өлтіру ісі бойынша соты басталған болатын. Шовинге, атап айтқанда, адам өлтірді деп айып тағылуда. Егер ол осы есеп бойынша кінәлі деп танылса, бұрынғы полиция қызметкері 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Шовин  тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өзін кінәсін мойындамаған.

46 жастағы Флойд Шовиннің Миннеаполистегі дүкеннің жанында ұстау кезінде тізесін мойнына басқаннан кейін қайтыс болды. Ұстау туралы видеода Флойдтың бірнеше рет: "Мен тыныс ала алмаймын", - деп қайталағаны даусы естіледі. Ол ес-түссіз ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болғандығы дәлелденді. 
Следующая →