Әлем Әлем Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Pfizer-BioNTech вакцинасын алғаннан кейін 6-12 ай ішінде үшінші дозаны алу қажеттілігі туу мүмкін

Сәуір айының басында компания COVID-19 қарсы вакцина 91,3 % -ға тиімді айтқан

COVID-19 қарсы препаратының екі дозада Pfizer-BioNTech вакцинасын алғаннан кейін 6-12 ай ішінде үшінші дозаны алу қажеттілігі туу  мүмкін. Кейін  жыл сайын вакцина алу қажет болуы мүмкін, дейді компанияның бас атқарушы директоры Альберт Бурла.
- 6-дан 12 айға дейінгі аралықта үшінші дозаны қабылдау қажет болады, содан кейін жыл сайынғы ревакцинация болады. Бірақ мұның бәрі растауды қажет етеді, - дейді Альберт Бурла. 
Альбер Бурла вакцина алу жиілігі вирустың қандай штамдары бөлінетініне байланысты екенін түсіндірді.

Оның айтуынша  Pfizer-BioNTech вакцинасы алты ай бойы иммунитетті қамтамасыз етеді.  Бірақ уақыт өте келе қорғаныс деңгейі әлсірейді. Қосымша оның айтуынша  мамандарға клиникалық зерттеулер кезінде емес, нақты жағдайда ғана  екі дозадан тұратын дәрі-дәрмекпен вакцинацияланған адамда иммунитет қанша уақыт сақталатынын білу керек. 

Сәуірдің басында Pfizer және BioNTech компаниялары өздерінің COVID-19 қарсы вакцинасы препараттың екінші дозасынан кейін кем дегенде алты ай ішінде 91,3% тиімді екенін жариялаған. Сонымен қатар Pfizer құжатында вакцина  коронавирустың Оңтүстік Африка штамына қарсы 100% тиімділікті көрсеткені атап өтілген. 

Pfizer және BioNTech әзірлеген вакцинаны АҚШ пен ЕО елдері бірінші мақұлдаған . Екі дозалы вакцинанын алғаннан жеті күн өткеннен кейін оның COVID-19 ауруының алдын алудағы тиімділігі 95% құрайды. BioNTech мәліметі бойынша, екінші дозаны енгізгеннен кейін екі аптадан кейін препараттың тиімділігі одан да жоғары 97% құрайды.
Следующая →