Бортында 231 жолаушысы бар тікұшақ қозғалтқышы жанып кеткен
"Boeing 777" жолаушылар ұшағы АҚШ-тың Денвер қаласынан ұшып шыққаннан кейін оң жақ қозғалтқыштың қаптамасынан түгел айырылап қалды. Оның сынықтары тұрғын аудандарға түсіп, қозғалтқыш жанып кеткен. Бортта да, жерде де ешкім жараланған жоқ
Бортында 231 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған ұшақ аман-есен оралып, Колорадо штатының Денвер әуежайына қонды.
Негізі "United Airlines" рейсі Гонолулуға бет алған. АҚШ Федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққанын хабарлады. Брумфилд қаласының полициясы аудандардың біріндегі бір қабатты тұрғын үйдің алдындағы көгалдарда жатқан қозғалтқыш гондоласының алдыңғы бөлігі түсірілген фотосуреттерді жариялады.
"United Airlines" әуе компаниясы ұшқаннан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын растады.
Следующая →