Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Аустралиядағы өрттен миллиардтаған жануар қырылды

Сарапшылардың пікірінше, Аустралияда орман өртінің салдарынан 1 миллиардтан астам жануар қырылды

Сидней Университетінің дерегіне сәйкес, осы жануарлардың 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінен қырылған, ktk.kz сайты. Аутралияда өрт маусымы әдетте желтоқсаннан наурызға дейін болатын, бірақ биыл қыркүйекте басталып, әлі бірнеше айға жалғасады.

Өрттен аман қалған жануарлар, жалынның себебінен жапан далаға айналған жерлерде нәр таба алмағандықтан немесе басқа жыртқыштарға жем болғандықтан қырылуда екен. Елдегі ауқымды өрттің салдарынан Аустарлия тірі табиғатына айтарлықтай зиян келді.

Штаттың мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 1687 үй, 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 771 үй қираған. Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні елде кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлім етті. Аустралияда өрт маусымының басында 12 миллион акр жер өртке оранған.

Следующая →