Қытайда бұрын-соңды болмаған вирусты анықтады
Қытайдың Ухань қаласындағы індеттің жаппай таралуына коронавирустың жаңа түрі себеп болған
Қытайлық дәрігерлер Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында тарап жатқан пневмония ауруының белгісіз түрі коронавирустың жаңа түріне жататынын анықтады. Мамандар вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті. Олардың болжамынша, ауруға шалдыққандар дертті мал және шикі теңіз өнімдерін жеу арқылы жұқтыруы мүмкін.
Дегенмен мамандар зерттеулердің оң қорытындысына қарамастан ақпараттың әлі де аз екендігін алға тартты. Айтуларынша, бұл үшін емханалардағы науқастарды бақылауға алып, эпидемиологиялық тексерістер жүргізу қажет.
Ухань қаласындағы пневмония індеті таралған болатын. Бүл күннің өзінде 59 жағдай тіркеліпті. Ауруға шалдыққан 7 науқастын жағдайы күрт нашарлап кеткен. Дертті жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 163 адам дәрігерлердің тіркеуінде екен. Қазіргі таңда вирустың қандай жағдайда таралатындығы анықталмапты.