Америкалық спортшы Дастин Порьенің киімі қанша қаржыға сатылғаны белгілі болды
Порьенің Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жегі алдында киген киімі 100 мың долларға сатылып, түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалған
Естеріңізге сала кетейік, жақында ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері американдық спортшыны жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды, деп хабарлайды МИР24 сайты.
- Бұл керемет, өйткені біз көптеген адамдарға көмектесе аламыз. Мен мұны мақтан тұтамын. Мен өзіме көрсетілетін көмекті бағалаймын, – дейді Порье.