Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

 
Ататүрік пен Эрдоған Норвегияның шартты қарсыластарының тізіміне енді
 
Норвегиядағы әскери дайындық барысында «шартты қарсыластардың» суреттері арасында қазіргі Түркияның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік пен Түркия президенті Реджеп Таип Эрдоған портреттері болған. НАТО күштерінің басшылығы бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

- НАТО әскери басшылығы қазіргі таңда болған оқиғаны тергеумен айналысуда. Сол сияқты оқиғаның қайталануына жол бермейтін шараларды қарауда, - дейді Й. Столтенберг. - Өткен демалыста президент Эрдоғанға хабарласып, болған жайтқа кешірім сұрадым. Сол сияқты Норвегиядағы жағдайларға жауапкершілік артқандарға НАТО бірден шара қолданғанын хабарладым.

Норвегиядағы бұл жағдай орын алған соң Түркия НАТО әскери дайындығындағы әскери қызметкерлерін қайтарып алған болатын.

 
Хиллари Клинтон сайлаудағы жеңілісіне Барак Обаманы айыптауда

АҚШ президенттік сайлауында Барак Обама екі мәрте жеңіске жетіп, экс мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның сайлауалды кампаниясында республикандық Дональд Трампты жеңуіне кедергі келтіріпті-мыс. Мұндай түсініктемені Клинтон радиожүргізуші Хью Хьюитке сәрсенбі күні берген.

- Билік барысында екі мәрте отырған саяси партия президентінің ізбасары болғың келгенде тарих дауылы өзіңе қарсы соғатыны рас, - дейді экс-мемлекеттік хатшы. - Бұл біздің саясатта бұрын соңды өзгерген кампания ғана емес. Бұл қарсылық. Егер кандидат ретінде көптеген келісім жағдайын ұстанып, сол аралықта өз жоспарларыңызды қозғасаңыз жеңіске жету қиын болады. Меніңше бар мәселе осыда болды.

Бұған дейін Клинтон АҚШ сайлауына Трамп жағдайына орай Ресейдің араласуын кінәлаған. Қазіргі президент пен оның көмекшілері былтырғы кмпания кезеңінде ресейлік ресми өкілдердің араласуын бірнеше рет жоққа шығарған.
 
Дағыстанда депутат атыс шығарды
 
Магарамкент ауданындағы екі адамның өмірін қиған атысқа байланысты, Дағыстан полициясы қалалық жиналыс депутаты Дербент Рафик Яралиевтен жауап алуда.
- Іздеуге жарияланған Яралиев ұсталды. Қазір айғақ беруде, - деп хабарлайды ТАСС.

Атыс нәтижесінде аудандық заңнамашы Ильдар Яралиев пен белгісіз ер адам қаза тапқан. Сол сияқты аудан басшысының бауыры мен тағы бір адам ауруханаға түскен.

Құқыққорғаушылар қайшылыққа қатысушы алты адамды ұстаған. Алдын ала деректер бойынша Дербенттен келген топ аудан тұрғындарымен қаражат сұрағын шеше алмаған.
 
Американдық лаңкес мысық жүніне байланысты ұсталды
 
2016 жылы Барак Обамаға жарылғыш зат жіберген американдық мысық жүніне байланысты анықталған. Бұл туралы New York Daily News порталы хабарлайды.
Техас штатының тұрғыны Джулия Пофф қапшықтан табылған жүн қалдықтарына байланысты ұсталған.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, Поффке тиесілі мысықтың жүні қораптағы қалдықтармен сәйкес келеді.

2016 жылы президент Барак Обама мен Техас штатының губернаторы Грег Эботтқа жарылғыш зат салынған қорап жіберілген. Губернатор қорапты ашқан, бірақ жарылғыш зат істемей қойған.
Следующая →