Қырғызстанда аналогті телевидениені толығымен өшіріп тастады
Қырғызстан үкіметі цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшуге байланысты аналогті телевидениені өшіру туралы шешім қабылдады
Цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшу елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ, халықтың ақпаратқа қол жеткізу арқылы сапалы телехабар тарату қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерімен тікелей байланысты.
Қырғызстан билігінің қаулысымен бекітілген «Цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшу бағдарламасына (ЦТТ) және ЦТТ бағдарламасын іске асыру іс-шаралары жоспарларына» сәйкес аналогті телевидениені өшіру 15 мамырға жоспарланып отыр.
Эфирлік телевидениені көру үшін республика азаматтары ЦТТ DVB-T2 стандартын қолдайтын қабылдағыш немесе теледидар орнатуы тиіс.