Мәскеуде әскери шерудің әуе бөлігі алынып тасталды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін әскери шерудің әуе бөлігі алып тастау туралы шешім қабылданды
Мәскеу өңіріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қызыл алаңда өтетін Жеңіс Шеруінен авиацияның қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылданды, - дейді РФ Қорғаныс министрлігінде.
Мекеме хабарлағандай, Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысуға арналған ұшақтар мен тікұшақтар аэродромға қайтып оралады.
Осыған дейін синоптиктер 9 мамыр күні Мәскеуде ала бұлтты ауа райы орнап, желдің күші 7,12 м/с барып, аздаған жауын жауады деп хабарлаған. Ал күндіз ауа райы 5-7 градустан аспайды.
Гидрометорталық хабарлағандай, сейсенбі күні таңғы 6:00 шамасында, соңғы 36 сағат ішінде базалық мәскеу метеостанциясында жаңбыр көлемі айлық көрсеткіштің 70 пайызын құраған.
Мәскеудегі мамыр айының жаңбыр көлемі 51 мм құрайды.