Walt Disney қызметкерлеріне ақша төлеп бітеді
Көңіл-көтеру индустриясымен айналысатын американдық Walt Disney компаниясы жалақының біраз бөлігін заңсыз ұстап қалғаны үшін қызметкерлеріне $3,8 млн төлейді
Қаражат Флорида штатында орналасқан көңіл көтеру кешендерінің, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен көңіл-көтеру Disney World саябағы қызметкерлеріне төлеу үшін жұмсалады. Компаниядан барлығы 16 мың қызметкер төлем алады.
Мұндай төлемге себеп болған жағдай, компанияның жалақы төлеу ережесін бұзуы себеп болды. Осылайша оларға ұсынылған жаңа киімдер үшін жалақыларының бөлігі қиылып отырған. Осыған байланысты жалақының жалпы деңгейі федеральды деңгейде көрсетілген төменгі көрсеткіштен де аз болып қалған. Сонымен қатар Disney қызметкерлердің артық жұмысын есепке алмаған. Қызметкерлердің жұмыс сағаттарын есептеу мен белгілеуден де қателіктер жіберілген.
Компания жіберген қателіктерге АҚШ Еңбек департаменті назар аударған. Нәтижесінде Disney қызметкерлерімен өтемақы төлеу туралы келісімге келген.
Следующая →