Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

15 наурызға арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және басқа да салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Американдық журналист Трамптың салық декларациясын жариялайды

MSNBC арнасын жүргізуші Рэйчел Мэддоудің қолына АҚШ президенті Дональд Трамптың салық декларациясы түсті. Бұл туралы журналист Твиттердегі парақшасында жариялады.

- Трамптың салық декларациясына қол жеткіздік. Бүгін сағат 21:00-де (Астана уақытымен 7:00), - деп жазады Мэддоу. Ол өз баяндамасына маңызды қарауға кеңес етті.

Авторлық бағдарламаның жүргізушісі әңгіме барысы 2005 жылға арналған салық есебі турасында екенін нақтылап өтті. Егжеу-тегжейін Мэддоу кейін ашуға уәде берді.

Трамп пен оның өкілдері миллиардердің салық есебі туралы жариялаудан бірнеше мәрте бас тартқан.

Дегенмен Trump Organization басшысы бола отырып Трамп 2005 жылы 150 миллион доллар кірістен 38 миллион салық төлегені белгілі болған.

Путин мен Эрдоган Түркияға С-400 қаруын тасымалдау туралы талқылады

Өткен аптада, Мәскеуде өткен президенттер келіссөзінде Владимир Путин мен Реджеп Таийп Эрдоган Анкараға ресейлік С-400 әуе қоғаныс жүйесін тасымалдау сұрағын талқылады. Бұл ақпаратты ресейлік жетекшінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков растады.

Бұл ақпаратты Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу да растады. Әзірге түркия жағы ықтималды келісімшарт құны мен С-400 жинағын нақтылауда.

Келесі келіссөздер сәтті болған жағдайда бұл Мәскеу мен Анкара арасында өткен әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы ең ірі келісімшарт болады.

АҚШ ӘТК офицерлері секс-кештерге әскери құпияларды айырбастап жіберген

АҚШ-та ӘТК адмиралы Брюс Лавлессті, Жетінші флот басшылығының аппарат басшысы Дэвид Ньюланд пен жеті офицер шетелдік тыңшыларға әскери құпияларды ашты деп айыпталуда. Әділет министрлігінің ақпаратынша, әскери қызметкерлер жасырын ақпараттар үшін жезөкшелермен бірге секс-кештерге, кешкі астарға және қымбат саяхаттарға шақырылған.

Әңгіме «семіз Леонард» төңірегінде – Леонард Гленн Фрэнсис сингапурлік 
Речь идет о деле "толстого Леонарда" - Леонарда Гленна Фрэнсиса, владельца Glenn Defence Marine Asia фирмасының басшысы. Ол офицерлерге арнап қымбат түскі ас дайындап, бағалы талаптарын орындап келген.

Барлық айыпталушылар Калифорния, техас, Флорида, Колорадо және Вирджиния штаттарында ұсталған. Олар 20 жылға бас бостандықтарынан айрылулары мүмкін.

Glenn Defence Marine Asia 25 жыл бойы азия порттарында американдық кемелерді қамтамасыз етіп келген. 2013 жылы Фрэнсис байланыстарының арқасында АҚШ әскери кемелер мен сүңгуір қайықтарының бағытын біліп қойған.

АҚШ-та Джордж Буш картиналары бар альбом бестселлерге айналды

Экс-президент (2001-2009) Джордж Буш-кіші картиналары жиналған альбом АҚШ нарығында бірнеше апта бойы жетекшілік етіп келеді.

«Ерлік портреттері: бас қолбасшы американдық ардагерлерге лайықты құрмет береді» атты 18 мың долларлық басылым 27 ақпанда сатылымға шыққан.

- Өнердің мұндай деңгейін сыншылар қалай қабылдайтынын білмеймін. Бірақ, енді  ғана үйреніп келе жатырмын. Тек бұл картинаның құрметпен және дәріппен шығарылғанына сенімдімін, - дейді кітаптың алғы сөзінде.

Буш-кіші суретшілік қырымен бұрыннан танымал. Альбомда жарияланған көптеген жұмыстар экс-президенттің билік басында болғанда кездескен ардагерлердің фотолары негізінде салынған. Портреттер ерекше автоорлық мәнерде, ширақ жағылып салынған.

Айта кету керек, Буш-кішінің қылқаламы кейбір әлемдік жетекшілердің портреттерін де тудырды. Олардың ішінде РФ президенті Владимир Путин мен ФГР канцлері Ангела Меркель де бар.

Следующая →