Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

14 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтар ретін дайындады

Түркия Голландия елшісіне ел төңірегіне кіруге тыйым салды

Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуш голландтық елшіні Анкара еңбек демалысынан күтпейтінін, елге мүлдем кіргізбеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Жоқ дегенде жоғары лауазымды түрік саясаткерлерін қабылдамау туралы шешім үшін Нидерланд кешірім сұрамайынша жалғасады.

- Біздің талаптар орындалмайынша еңбек демалысындағы Нидерланд елшісін Түркияға кіргізбеу туралы шешім қабылданды, - деді министрлер кабинетінің отырысында.

Куртулмуш түркия үкіметі голланд саясаткерлерінің ешбірін қабылдамайтынын, олардың ешқайсысы елге ұшып келе алмайтынын да айтты.

- Нидерландтықтармен жоғары деңгейдегі байланысқа шықпау туралы шешім қабылданды. Біз голландтық дипломаттарды таситын әуе кемелерінің барлығына тыйым саламыз, - деп қорытындылады саясаткер.

Жуықта голланд премьері Марк Рютте Анкара талабына жауап бере отырып, кешірім туралы ешқандай сөз болмайтынын, істеген әрекеттері үшін түркия жағы кешірім сұрауы керек деп салды.

Великобритания парламенті премьер-министрге Brexit-ті бастауға рұқсат етті

Жоғарғы парламентте көпшіліктің дауысымен премьер-министрге Brexit әрекетіне көші құқығын – Ұлыбританияның ЕО мүшесінен шығуға рұқсат берді. Бұған дейін төменгі палата бұл шешімді қабылдаған болатын.

Заңнамаға сәйкес Brexit заңына енді королева рұқсат беруі керек.

Sky News ақпаратынша, Мэй Ұлыбританияның ЕО мүшелігінен шығуды бастау құжатына бірден қол қоймайды. Болжам бойынша ол ағымдағы айдың соңында жүреді.

Қос парламент палатасының шешімін Brexit жақтастары қолпаштай қарсы алды. Консервативті партия депутаты Доминик Рааб Брюсселмен Ұлыбританияның ЕО мүшесінен шығуы үшін келіссөзді бастайтын уақыт келгенін қорытындылады.

Эрдоган Германияны террористерге қолдау көрсетті деп айыптады

Түркия президенті Тайип Эрдоган Германияға жаңа айыппен баяндама оқыды. Ол осыған дейін елді нацизмге айыптаған, енді ФГР мен канцлер Ангела Меркельді қосып өз еліндегі терроризмді қолдайды деп салды.

 - Германия ең жауыз түрде террористерге қолдау көрсетуде, - деді «А Хабер» арнасына берген сұхбатында.

Анкара осыған дейін Германияға болжамды террористерге қатысты 4,5 мың іс – Курдистанның Жұмысшылар партиясы мен Фетхуллах Гюленнің ФЕТО-сы жолдаған болатын.

- Меркель, сен террористерді қолдап, асырап жүрсің. Біз 4,5 мың іс жолдадық, бірақ олар жетпей-ақ тұр, - деді ол.

  Конгрессмендер Ақ үйден Трамптың тыңдалғаны туралы дәлел талап етті

Бұрынғы ел басшысы Барак Обаманың бастамасымен президент Дональд Трамптың телефонмен әңгімелері тыңдалды деген қауесетке Ақ үйден дәлел талап етілді. Атқарушы билікке қойылған аталмыш сауалнаманы АҚШ өкілдігінің Палатасындағы барлау бойынша арнайы комитет төрағасы республикандық Девин Нуньес, аға демократ Адам Шифф және американдық Конгресстің төменгі палата мүшелері қойды.

Хат авторлары жауапты дүйсенбі күні аламыз деген ойда.

Жуықта Трамп Твиттерде Обама әкімшілігі президент сайлауына дейін Нью-Йорктағы  Trump Tower зәулімінде тыңдау жұмыстарын жүргізіпті-мыс деп жазған болатын. Енді Ақ үй аталмыш жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізу талабын когрессмендерге қойып отыр.

Бірақ ол талаппен бірге ешқандай дәлел ұсынылмады. Мұнымен қоса БАқ-та хабарланғандай ФТБ директоры Джеймс Коми әділет министрлігіне Трамптың сөзін жоққа шығарсын деген шақыру айтқан. Өз кезегінде сенаторлар Линдси Грэм мен Шелдон Уайтхаус тыңдау фактісін растайтын құжатты екі мекемеден де сұраған.

Гитлердің фотоальбомы аукционға шығарылды

Ұлыбританияда Адольф Гитлер мен Ұлттық-социалистік неміс жұмысшылар партиясының фотолар жинағы бар альбом аукционға шығарылмақ.

Фотоальбом 1945 жылдың сәуірінде кеңес солдатымен Гитлердің бункерінде, нақтырақ айтқанда Ева Браунның бөлмесінде табылған дейді C&T Auctions аукцион үйінде. Кейін альбом британ фотографы Эдван Дин мен диктор Ричард Димблбиге табыс етілді. Қазір 18 мың долларға бағаланып оотырған раритет белгісіз коллекция жинаушының қолында.

C&T Auctions өкілі альбомдағы суреттерді «табиғи және сабырлы» деп бағалады. Оның айтуынша «оларды жариялауға мүмкін жол берілмес еді». «Олар өздігінше ашық», - деп бағалады маман.

Кентте өтетін аукцион 15 наурыз, сәрсенбіге жоспарланған. Коллекция жинаушылар сонымен қатар сол заманның кітаптарына, құжаттары мен өзге де суреттеріне қол жеткізе алады.


Следующая →