Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

3 науррызға арналған әлемдік жаңалықтар тізімі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ аясына түскен маңызды саяси, экономикалық және басқа да жаңалықтар тізімін дайындады

Франсуа Фийонның үйінде тінту жүрді
Франция кандидаттығына Республикандықтар атынан үміткер Франсуа Фийонның үйіне тінту жасалды, - деп хабарлады Le Рarisien газеті өз ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.
Естеріңізге саламыз, бұрынғы премьер-министр айыптауға арналған соттан шақырту алған болатын. Сонымен қатар БАҚ ақпараттары бойынша саясаткердің әйелі Пенелопа да соттан шақырту алған, себебі ол парламентте күйеуінің жұмысында көмекшісі болып жалған жұмысқа орналасқан деп айыпталуда.
Тергеу әрекеттері 2 наурыз күні Париждің жетінші округінде Фийондар үйінде өткен.Іздестіру шараларымен Сыбайлас жемқорлықпен, қаржылық және салық қылмысымен күрес орталығы басқармасының өкілдері айналысқан.
Алайда саясаткер өзінің кінәсіз екенін қайталап, билік әрекеттерін саяси өтіру деп атады.
 
АҚШ Конгрессінде Украинаға 150 млн доллар әскери көмек бөлу ұсынысы айтылды
АҚШ Конгрессі өкілдігі палатасының ассигнациялау комитеті Украинаға 150 млн доллар әскеру көмек беру туралы заң жобасын дайындады
Құжат мәтініне сенсек, қаражатты 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін беру көзделген. Бұл қаржат украин әскерін оқытуға, киіндіруге сонымен қатар қазалы қорғаныс қаруларымен қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен қатар, конгрессмендер түрлі қолдау түрлеріне, оның ішінде әскерге және Украина ұлттық күшінің қауіпсіздігіне қаражат бағыттауға дайын.
Заң жобасын жүзеге асыруға Пентагон мен Мемлекеттік департамент жауапты. Дауыс беру 3 наурыз күні өтеді.
 
АҚШ әділет министрі Ресеймен байланысты тергеулерден бас тартты
АҚШ бас прокуроры, әділет министрі Джефф Сешнс Американың президенттік сайлау кампаниясына Ресейдің араласуын айтатын кез-келген тергеуден бас тартатынын мәлімдеді.
Ол мұндай шешімге өз командасындағы адамдардың кеңесімен келгенін, бұл ұсыныстың дұрыс екенін айтты.
- Президенттік сайлау кампанияларына қатысты сұрақтардың кез-келген қазіргі және болашақ тергеулеріне қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым, - деді Сешнс.
АҚШ әділет басшысы The Washington Post газетінде жарияланған мақаладан соң үлкен шатақта қалды. Онда Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясында екі рет ресей елшісі Сергей Кислякпен кездесіп, бұл кездесулерді Сенаттан жасырған және ант ету барысында өтірік айтқан деп жазылған. Мұны естіп, қазіргі мемлекет басшысының қарсыластары Сешнстің орынан кетуін талап ете бастаған.
Министр өз кезегінде АҚШ-та ресей елшісімен кездескенде терроризм мен Украинадағы қайшылықтарды талқылағанын айтып, Сенатқа түсініктеме хатын жолдауға уәде берді.
 
Порошенко Испанияға қашуға дайындалу барысында ұсталды
Бұрынғы украиндық депутаттар Владимир Олейник пен Олег Царев бейсенді күні Украина президенті Петр Порошенко Испанияға қашуға дайындалуда деп салды. Саясаткерлердің ақпаратынша, президенттің испаниядағы вилласына ұшақпен ақша және құнды шығармашылық дүниелер жеткізіле бастаған.
- Порошенко қазір шетелде қарулы төңкерісті мойындамай қоюы мүмкіндеген ниетпен билікті ұстап отыр, себебі ол ғана АҚШ әкімшілігімен және еуропа жетекшілерімен әңгімелесуде. Егер барлығы ойлағандай шықпаса, жағдай күрт өзгеріп, оның жағдайы ушыға түседі, - деді Царев, сондықтан украиндық президент қосымшай әуежай дайындауының себебін түсіндіріп.
 
АҚШ-тың жаңа Ішкі істер министрі жұмысына атпен және ковбой бейнесінде келді
 
АҚШ жаңа ІІМ басшысы жұмысқа ковбой малақайымен, аяғына етік, көк джинсы киіп, атқа мініп келді. Оны Вашингтонның атты полициясы жетектеді.
The Hill айтып өткендей, Зинке бұл әрекетімен табиғатты қорғауға, көп жағдайда ұлттық саябақтарға жақын екенін көрсеткісі келген.
Жаңа Ішкі істер министрі саятшылыққа, балық аулауға және белсенді демалысқа сүйіспеншілігімен танымал. Ол АҚШ ӘТК арнайы мақсаттағы әскери қызмет күшінің бұрынғы қызметкері.
Естеріңізге саламыз, өткен сәрсенбіде АҚШ конгрессінің сенаты Зинкенің ІІМ жетекшісі деп тағайындаған болатын.
 
Следующая →