Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

30 қаңтарға әлемдік жаңалықтар қатары

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түн ішінде БАҚ назарына ұшыраған саяси, экономика және басқа да жаңалықтар тізімін дайындады

Канадада АҚШ-қа кіргізілмеген босқындар қабылданғаны расталды

Канаданың Иммиграция, босқындар мен азаматтық сұрақтары бойынша министрі Ахмед Хуссейн өз елі Дональд Трамптың бұйрығынан АҚШ-қа кіре алмаған мұсылман елдерінің босқандарына уақытша тұрғылықты мекен беруге дайын екенін айтқан.

Министр Канаданың жуықта қабылдаған босқындарға қатысты саясатынан бас тартпайтындарын нақтылады.

Оның айтуынша олар АҚШ қабылдамағандарды қабылдауға дайын.

- Канадада қиын жағдайда қалғандарға айтарым, мен өзімнің министр атағымды панасыз қалғандарға бола пайдаланудамын, - деді Хуссейн.

АҚШ пен Канада арасында босқындар келген елдерінен пана алу үшін арыз жазу керек деген келісім бар. Осылайша адамдар Канадаға келіп, АҚШ-тан пана сұрай алмайды.

Францияның экс-премьері Вальс сайлауда социалистердің жеңілгенін мойындады

Францияның экс-премьері Мануэль Вальс басқарушы Социалистік партияның жеңілгенін мойындап, Бенуа Амонды жеңісімен құттықтады

- Бену Амонды құттықтағым келді. Бірнеше минут бұрын телефон шалдым, - деді ол.

Вальс сайлаушылардың шешімін қабылдап, Амон - «біздің саяси жанұямыздың үміткері» және Франция президентін сайлауда жергілікті тұрғындардың қолдауы керек екенін жетікізді.

- Бұл жолда сәттілік тілеймін, - деп қосты экс-премьер. Осылайша, білімнің экс-премьері Амон ресми түрде праймериздің жеңімпазы атанып, негізгі президент сайлауында басқарушы партияны таныстырады.

Януковичтің заңгері қандай жағдайда Украина сотына келетінін айтты

Украинаның бұрынғы президентінің заңгері, егер Виктор Януковичтің жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өміріне жасалған қастандық тиянақты түрде тергелсе ғана келетінін айтты.

Осыған дейін Виктор Януковичтің заңгері мемлекеттік сатқындық ісі бойынша прокуратурадан шақырылым келгенін айтқан. Януковичтің заңгерінің айтуынша, аталған шарттар тегіс орындалмайынша, қарғауындағы адам сырттай ғана тергеуге қатысатын болады.

Шешендік Шалиде үш лаңкестің көзі жойылды

Шешенстандағы лаңкестерді жою операциясына арнайы күш қатысты. Бұл туралы Шешен үкіметі мен басшысының сайтында Рамзан Қадыровқа сілтеме жасай отырып жазылған.

Лаңкестермен болған қақтығыс барысында құқыққорғау органдарының екі қызметкері ауыр жарақаттан қаза тапты.

- Қала ортасында полиция қызметкерлері жақындап келе жатқан күмәнді адамдарды тоқтатпақ болған. Құжаттарын сұрағандарға оқ жаудырып, гранат лақтырған, - дейді хабарландыруда.

Рамзан Қадыров лаңкестердің кім екені анықталғанын айтты. Олардың екеуі федералды іздестіруде болған, ал үшіншісін жергілікті полиция іздестірген. Лаңкестерді «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) мүшесі басқарған.

Бразилиялық «Шапекоэнсе» әуе апатынан кейін бірінші жеңісіне жетті

Ойын Санта-Катарина штаты чемпионатының айналымы аясында өтті. «Шапекоэнсе» «Интернасионалмен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге саламыз, 29 қараша күні 81 адам отырған ұшақ Боливия мен Колумбия арасындағы әуе жолында құлаған болатын. «Шапекоэнсе» жаттықтырушылары мен футболшылары Оңтүстікамерика кубогына жергілікті «Атлетико Насьональ» командасына қарсы ойнау үшін Медельинге ұшып бара жатқан.



Следующая →