27 қаңтардағы әлемдік жаңалықтар тізімі
Устинка Live жаңалықтар порталы БАҚ алаңына түскен саясат, экономика және басқа да маңызды жаңалықтар тізімін дайындады
Путиннің кеңесшісі Қытай тәжірибесіне сүйене отырып Ресей ғаламторына шектеу қою туралы ұсыныс айтты.
- Жалғыз жол бар – қытай нұсқасы. Бақылау керек, себебі оның алдын алудың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Қытай қоғам пікіріне келгенде тиянақты келеді, олар қауіп деңгейін бағалап, ғаламторға шектеу қойды. Енді оларда бұған қатысты мәселе жоқ, - деді Клименко, РФ ӘК Бас штабындағы «Әскер мен қоғам» атты баяндамасында. - Қазір шетелдік компаниялар Ресей төңірегінде қаражат тауып, құқыққорғау органдарының бірде бір сауалнамасына жауап қатпағанда, біз біртүрлі ұстанымда қалып отырмыз. Өкінішке орай "WhatsApp-та" да жазып, жасырын жазбаны өшіруді сұрай алмаймыз.
Егер шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер құқыққорғау органдарымен байланыспаса «кез келген өз өзін құрметтейтін мемлекет оларды лақтырып тастауы керек», - деген сенімде шенеунік.
Мексика президенті қайткенмен де Дональд Трамппен кездесуден бас тартты
Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Вашингтонда өтуге тиіс 31 қаңтарға жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінен бас тартты, деп хабарлады Ньето Твиттердегі парақшасында
Кездесу сейсенбі күні өтуге тиіс болған. АҚШ билігі екі елдің шекарасына қабырға салу туралы ойын жүзеге асыру үшін шығынды Мексика өтеуі тиіс деген Трамптың пікірі, шешімді өзі берген сияқты. Американдық президент сонымен қатар Мексика төлемеген жағдайда президенті АҚШ-қа келу сапарынан бас тарта салсын деген. Шекарадағы қабырғаны салу бұйрығына Трамп сәрсенбі күні қол қойды.
Мемлекеттік департаменттің барлық жетекшілері қызметтерінен кетуде
АҚШ Мемлекеттік департаментінің барлық жоғарғы жетекшілері Дональд Трамптың сыртқы саятына келіспеушілік білдіріп қызметтерінен кетуде
Көбінде, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің мемлекеттік хатшы орынбасары Парик Кеннеди, мемлекет хатшы көмекшілері Джойс Барр мен Мишель Бонд, сонымен қатар Шетелдік миссия бойынша басқармасын басқарған Джентри Смит кетті.
- Бұл ұжымдық топтың ең ірі қызметтен кету әрекеті, бұдан кейін қалыпқа келу қиын болады, - деді Джон Керри кезінде мекеме аппаратын басқарған Дэвид Уэйд.
Естеріңізге саламыз, бүгін АҚШ мамлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша орынбасары Вктория Нуланд қызметін тастап, Мемдептен кететін болғаны белгілі болды. Оның орнын Армениядағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі Джон Хефферн басады.
Дональд Трамп Ақ үйдегі өмірі туралы айтып берді
Таңдаулы президенттің сөзіне сенсек, таңғы алтыда тұрады екен. Бірінші резиденцияда орнатылған кабельді арнадан, кейін батыс қанаттағы асханадан теледидар көріп, таңғы газет оқиды. Таңғы тоғыз шамасында Батыс қанатта жұмыс бабымен кездесулер өткізеді. Арасындағы үзілісте Трамп Сопақ бөлмеде демаалады. АҚШ президенті резиденцияның қауіпсіздік жүйесін де атап өтті.
«Сөзің ауада жаңғырады», - деді Трамп, оның сөздерінің тыңдалуы туралы әңгімеде жоқ екенін қоса.
Осыған дейін БАҚ өкілдері конгрессте бірінші рет Трамп 23 ақпанда сөз сөйлейді деген болатын. Құрама Штаттардың жаңа президенті Елдегі жағдай турасында дәстүрлі жолдау айтады.
Ресей мәнерлеп сырғанаушылары Тарасова мен Морозов Еуропа чемпиондары атанды
Евгения Тарасова мен Владимир Морозов Еуропа чемпионатының алтын медаліне ие болды. Олардың мансаптарындағы бұл бірінші үлкен жеңіс. Ресей мәнерлеп сырғанаушылары әділ қазылар 146,76 балмен бағалаған бағдарлама көрсетті. Жалпы есеп бойынша олар 227,58 бал ұтты, бұл ресейліктердің Еуропа чемпиондары атануға себеп болды. Екінші орынға Германия спортшылары Алена Савченко мен Брюно Массо ие болды. Қола медаль француздар Внесса Джеймс пен Морган Сипренің еншісіне тиді.
Атап өту керек жарыс чехияның Остравесінде өтті.
Следующая →

Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Интернет в России Президент США Дональд Трамп Госдепартамент США