Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ Сириядағы «Аль-Каида» басшыларының бірі жоыйылғаны туралы хабарлады

Пентагон Сириядағы американдық ӘӘК әуесоққылары барысында «Аль-Каида» (ҚР тыйым салынған) лаңкестік ұйымының басшысы жойылғанын айтты. Бұл туралы мекеме сайты хабарлады

Жанкешті Мохаммад Хабиб Буссадун ат-Туниси сирияның Идлиб провинциясында 117 қаңтарда жойылғаны нақтыланған.
«Ол экстремистерге қолдау көрсетуге және сыртқы операцияларды жүргізуге қатысқан, сонымен қатар Батыс елдерін шабуылдау мақсатында қаскүнемдермен бір ойда болған. Буссадун Сирияға 2014 жылы келген, оған дейін Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде экстремистермен байланыста болған», - деп хабарлайды мекемеде.
Бұған дейін Пентагон «Аль-Каида» тобының бір басшысын Арабия түбегінде жойған болатын.
 
Обама обвинил конгресс в отказе закрыть Гуантанамо
Обама Гуантанамоны жабуға қарсы болған конгрессті айыптады
АҚШ тың өтпелі президенті Барак Обама АҚШ Конгресіндегі саяси қайшылық өзіне Кубадағы Гуантанамо түрмесін жабуға кедергі келтіргенін ашық хабарландыруда жеткізді.
Өтпелі американдық әкімшіліктің арқасында аталмыш түрмедегі тұтқындар санының азайғанын алға тартты. Обаманың айтуынша түрмені жабу оңай болса бірнеше жыл бұрын жауып тастар еді.
- Басында екі партия қостап еді, өкінішке орай бұл партияаралық күрес құралына айналып кетті, - деді Обама.
Ел басшысы Гуантама абақтысындағыларды америакан шекарасына орналастыру туралы конгресстің енгізген тыйымында мән жоқ, себебі одан қашып көрген адам жоқ екенін алға тартты.
Қазіргі уақытта түрмеде 41 адам қамалуда. Гуантанамодан 196 адам өткен болатын.
 
Медведев АҚШ-тың басты сыртқысаяси қателігін атады
Премьер-Министр Дмитрий Медведев Барак Обама әкімшілігімен бұзылған Ресейге қатынасты басты сыртқысаяси қателік деп атады.
- Обама әкімшілігі АҚШ пен Ресей арақатынасын бұзды, соңғы онжылдықта соңғы нүктесіне дейін жеткізді. Бұл тарихта қалған басты сыртқысаяси қателік, - деді.
Медведев Обаманың екінші мерзімінің соңына дейін ел қатынасы толық ыдырағанын қосып айтты.
-Президент Обама әкімшілігінің екінші мерзімінің соңына дейін ресей-американ қатынасы толық ыдырады. АҚШ-тың барлық әлемдік үрдісті басқаруға тырысып келгені, әртүрлі елдердің ішкі ісіне ұялмастан араласқаны, ботен территорияларда бірнеше соғыстар жүргізгені барлығына аян, - деп атады премьер.
Ол сонымен қатар Обама әкімшілігіне саяси сұрақтарды шешуге жауапкершілік жетпегенін атады.
 
Бразилияда соттың қайтыс болғанына орай азалы үш күн жарияланды
 
Бразилия президенті Мишел Темер елдің Федералды жоғарғы сотындағы 11 мүшенің бірі Теори Заваскидің қазасына байланысты үш күндік аза жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша Заваски бразилиялықтардың мақтанышы болып келген.
- Үлкен қайғымен Федералды жоғарғы сот мүшесі Теори Заваскидің өлімін қарсы алдық. Үш күнге ресми жарияланатын аза заңнамаға, сот билігіне және Бразилия еліне тер төккен адамға құрмет көрсету болады, - деді Темер.
Сот Теори Заваски бейсенбі күні кешке әуеапатынан қаза тапты. Кішігірім ұшақ Парати қаласының төңірегіндегі мұхитқа құлаған. Сотпен бірге әуе кемесінде тағы үш адам болған.
 
Лондонда екі орталық көпір ҰОС бомбасына байланысты жабылды
Лондонда Вестминстер және Ватерлоо көпірлері ҰОС жылдары жарылмай қалған жарылғыш заттың кесірінен жабылды.
Аталмыш өңірде арнайы қызмет мамандары тексеру жүргізуде. Қауіпсіздік шаралары ретінде Вестминстер метро станциясындағы адамдардың барлығы көшірілді. Аталмыш станция британ парламентіне жақын орналасқан.
- Оқиға орнында және оның айналасындағы көшелер жабылды, затты бағалау жұмыстары жүруде,, - деп хабарлады Скотленд-Ярд.
Метро мен көпірлер түні бойы жабық қалады деп болжануда.
 
Следующая →