Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

23 желтоқсандағы әлемдік жаңалықтардың бет бейнесі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады

Ресей ЕО қысымына байланысты биатлоннан бас тартты

Ресейдің биатлоншылар одағы (РБО) 2017 жылдың наурызына жоспарланған Тюмендегі Әлем кубогының сегізінші кезеңін, 2017 жыл Островтағы жастар чемпионатын өткізуден бас тартты.

Сонымен қатар, Халықаралық биатлоншылар одағы Ресей биатлоншылар одағына және 29 спортшыға қатысты тергеу бастады. Олардың есімдері Ричард Макларен жетекшілігімен тәуелсіз WADA комиссиясының баяндамасында аталыпты-мыс.

Биатлоншылар одағында баяндамадағы есімдерді білмейтіндерін, алайда кез келген атлетке қатысты ақпарат беруге дайын екендерін айтқан.

Естеріңізге саламыз, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Яехия және Норвегия елдері Ресейді бірқатар биатлонды жарыстарды, сонымен қатар 2021 жылы Тюменде өтетін әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруды ұсынған. Болмаған жағдайда олар іс-шараға бойкот жарияламақ.

Түркияда әлеуметтік желі ИМ бейнебаяны жарияланғандықтан тоқтатылды

«Ислам мемлекеті» лаңкестері (ҚР тыйым салынған) Түркия қарулы күштерінің екі әскерін тірідей өртеп жіберді. Жазаны бейнеге түсіріп өз әлеуметтік желідегі аккаунттарына жүктеген.

Анықталғандай, әскери қызметкерлер үш апта бұрын Эль-баб қаласының өңірінде ұсталған. Жазба Сирияның солтүстігінде, Алеппо провинциясында түсірілген., Эль-бабта ИШИМ шабуылында 16 қаза тапқан, 31 жараланғаннан кейін келесі күні бейсенбіде өртеу туралы 19 минуттық бейне пайда болды.

Анкара Twitter және Facebook, сонымен қатар YouTube бейнехостингтарына тосқауыл қойып тастады.

Литва соты Газпромға «айыппұл салды»

Литваның бас әкімшілік соты ресейлік «Газпром» компаниясына Вильнюске  €35,6 млн көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

- Сот ресейлік «Газпром» газ концерні Литваға €35,6 млн көлемінде ауыппұл төлеуге міндетті деген нақты шешімін шығарды. Екі жылдық айыппұл концерннің 2004 жылғы келісімшартты бұзып, Lietuvos energija компаниясымен газ алмасу туралы келісімге қол қоймағанына байланысты, -дейді үкімде.

Осылайша, бәсекелестік бойынша кеңес шешімімен 2014 жылдың қазанында «Газпромға» тағылған Литва тарихындағы ең үлкен айыппұл сот шешімімен  күшінде қалды.

2014 жылдың шілдесінде Бәсекелестік бойынша кеңес  2013-2015 жылдар аралығында газ айырбастау бойынша Lietuvos energija келісімінен бас тартқан «Газпром» литва компаниясымен өзге газ тасымалдаушыларға келісімшарт орнатуға кедергі келтірген, осылайша 2004 жылы бәсекелестік кеңесімен берілген Lietuvos dujos акцияларының 34% рұқсатын концернмен алу жағдайын бұзған.

Трамп штабы АҚШ ядролық қуатын өсіру қажеттілігі туралы айтқан сөзін түсіндіріп берді

Ақ үйдің 45-ші президентінің өтпелі штабында, «бақылаусыз режимдер» жақтарының ядролық қаруды тарату қауіпіне, әлемдік қоғамдастықтардың назарын аударғысы келгенін айтқан.

- АҚШ «елдегі ядролық күш-қуатын кеңейтіп, өте күшті ету керек» деген баяндамасында АҚШ-тың сайланушы президенті лаңкестік ұйымдардың, тұрақсыз жіне басқарусыз саяси режидер жағынан ядролық қаруды тарату қауіпін... Олардың алдын алудың маңыздылығы туралы айтқан», - деп түсіндірді Джейсон Миллер.

Естеріңізге саламыз, қоғамды дүрліктірген Трамп орны Твиттердегі микроблогында жарияланған болатын.

- Америкаға Әлем ядролық бомбаға қатысты есін жинай алғанша Америкаға ядролық мүмкіндіктерін кеңейтіп, үлкейтіп алу керек, - дейді республикандық баяндамасында.

Осыған дейін Трамп АҚШ-тың және өзге елдердің ядролық әлеуетіне қатысты мүлдем бөлек ұстаным айтқан болатын. Көп жағдайда, сайлауалды компанияларында, әлем ядролық қарудан толық бас тарта алса, керемет болар еді деген. Ал жаппай жою қаруы ешкім пайдалануды жоспарламайтын нақты күштерді ұстау қалпына айналған.

Ресей мұнай өндіруден Сауд Арабиясын басып озды

Жалпы ОПЕК елдері қазан айында күніне 33,6 миллион баррель өндіріа келген, оның ішінде Ирак – 4,5 миллион баррель.

Ресейдегі мұнай және газ конденсатының экспорты қаңтар-қазанда 2012,6 миллион тоннаны құраған. Мұнай өндіру, газ конденсатын қосқанда Ресейде 455,6 миллион тоннаны құраған, бұл осыған ұқсас кезеңнен 2,5 пайызға көп.

Бұл аралықта ОПЕК елдерімен мұнай өндіруді шектеу бойынша келісімшарттарды орындауды бақылау комитетінің және картельге кірмейтіндердің отырысы қантардың жиырмасыншы күндерінде өтуі мүмкін, деп хабарлады Ресей Энергетика министрі Александр Новак журналистерге.

Следующая →