Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

13 желтоқсандағы әлемдік жаңалықтардың бет бейнесі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады

Лавров ЕО-тың Ресейді «қағазға» қарап сынайтынына сенімді

 Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, Еуроодақтың қолында Ресейдің атына сын сөздердің жазбаша жетекшілігі барын Мәскеу біледі деген хабарландыру айтты.

Оның айтуынша, бұл қағаздарда блок пен мемлекеттер үміткер елдерінің кез келген сөздерінде Ресей туралы сөз айтуы керек деп жазылған.

- Үлкен құпия ашамын деп ойламаймын, айтсам, бізге Еуроодақта әрбір елдің, одаққа үміткер елдерді қосып айтқанда, Ресей туралы кез келген еске алу барысында көпшілік алдында сөз сөйлеуі керек деген жазбаша қағидалары бары бізге белгілі. Онда, барлық елге міндетті түрде «Қырым аннексиясы», «Донбасс басқыншылығы» деген және басқа да терминдерді мантра сияқты қолдану керектігі айтылған. Бұл талаптардың орындалуы мідетті сияқты, - деді Лавров.

 Француз Да Винчидің белгісіз суретін тауып алды

Мамандар суреттің шынайылығын растап, суретті 15,8 млн долларға бағалады

Сурет нобайын наурыз айында Tajan аукцион үйіне әкесіне тиесілі суреттер қабын алып келген зейнеткерліктегі француз дәрігері тапқан. Аукцион үйінің қызметкері әулие Себастьянның тушьпен салынған суретінің біріне назар аударған.

Нью-Йорктағы Метрополитен-мұражайының сақтаушысы суреттің шынайылығын растаған. Оның айтуынша, аталмыш жұмыс итальян суретшісі Леонардо да Винчидің қылқаламына тиесілі және 1482 және 1485 жылдар аралығында салынған.

 Шығыс Алеппо Сирия әскерінің қарамағына толықтай өтті

- Салахеддин махалласындағы әскер лаңкестер орналасқан соңғы жерді»қорғауды» бастады. Лаңкестер атқыш қарулар мен минометтің көмегімен жауапты атыс жүргізуде... Алеппоның толық азат етілуі жуықта аяқталады, - деп хабарлады Сириялық Араб республикасының үкіметтік әскерімен жүріп жатқан әскери операцияға жақын ақпарат көзі.

Бұл халық үшін жағымды жаңалық болды. Қаланың батыс бөлігіндегі халық сирия әскерін қуанышпен қарсы алуда. Соңғы бірнеше күн ішінде Алеппода үкімет әскеріне 2,5 мың лаңкес берілді.

Италияның жаңа премьер министрі өз үкіметін құрды

Джентилони үкіметіне осыған дейінгі премьер Маттео Ренцидің үкіметіндегі көптеген министрлер келіп қосылды. Экономика және қаржы министрі Пьер Карло Падоан, экономикалық даму министрі Карло Календа, Қорғаныс министрлігінің басшысы Роберта Пинотти және Әділет министрі Андреа Орландо өз орындарында қалды.

Ел премьер-министрінің айтуынша жаңа үкіметке деген сенім сұрағы парламенттің екі палатасының алдына сейсенбі және сәрсенбі күндері қойылады.

Жаңа министрлердің ант беру рәсімі дүйсенбі күні президенттік Квириналь сарайында өтеді. 

Британ астрономдары жақұт пен лағылдан жаңбыр жауатын планетаны анықтады

Ерекше қасиет HAT-P-7 b экзопланетасының атмосферасында анықталды. Планетаның қараңғы жағында қалыптасатын бұлттар, жақұт, лағыл және басқа да қымбат тастардың негізінде жататын арнайы корунд материалын жинайды.

Беткі қабатына құлайтын бұлттағы «тамшылар» жақұт пен лағыл тастардан тұрады, дейді Ұлыбританияның Уорик университетіндегі Дэвид Армстронг.

Желмен келетін бұлттар қымбат жаңбырды HAT-P-7 b жарық жағына құяды. Ғалымдардың пікірінше бұл планетаның атмосферасына адамзат баласының жетуі екіталай.

Мұндай экзопланет түрін ашу олардың атмосферасы кейде экзоткалық материалдардан тұрады деген фактіге ғалымдарды бірінші рет тіреді, Kepler-2b – мұның тура дәлелі. Экзопланетаның күн жағында температура 2500°С, ал екінші жағында мөлшері 1300°С.

Следующая →