Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

12 желтоқсандағы әлемнің бет бейнесі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады

Сирия билігі ИМ-мен болған айқаста Пальмираның құлағанын мойындады

«Ислам мемлекеті (ҚР тыйым салынған) Пальмираның көп бөлігін басып алды. 4 мыңға жуық лаңкестер қаланың солтүстігінен кіріп ең маңызды нүктелерді басып алды. Сирия әскері қаланың оңтүстігіне жылжыды

Сирия Әскері Пальмираның 80 пайыз тұрғынын көшіріп үлгерді

Хомс провинциясының губернаторы Таляль аль-Барразидің айтуынша, сирия әскері мен жасақ қазіргі уақытта ИШИМ «бандаларымен қантөгіс шайқас жүргізуде» және лаңкестердің Хомсқа  (провинцияның әкімшілік орталығы) бұзып кіру қауіпі жоқ. Губернатор Пальмираның «ең жуық аралықта» азат етілетініне сендірді.

Өңір басшысы ИМ-нің қалаға Раккадан, Дейр-эз-Зора мен көршілес Ирактан қосымша күш (5 мыңға жуық лаңкес) жібергенін қоса айтты. «Қарсылас санының артықшылығына қарамастан сирия әскери қызметкерлері батыл соғысуда, мұнымен қоса лаңкестер шығынға батуда, - деді аль-Баррази. – Мұнымен қоса, әуе күші олардың нүктелеріне аспаннан шабуылдауда».

ИШИМ Пальмираға жұма күні шабуылдады. Әскери басқару Хомстан қосымша күш жіберді. Наурыз айының соңында Пальмираны РФ ӘҒК көмегімен сирия әскері азат еткен болатын.

 

Украина "обиделась" на Польшу за антиукраинские марши

Украина Польша өткізген украинаға қарсы маршқа «өкпелі»

Польшадағы Украина елшілігі Перемышль қаласындағы польша ұлтшылдарының маршында айтылған украинаға қарсы сөздерге байланысты оқиғаның егжей-тегжейін анықтауда.

Оқиға 10 желтоқсанда орын алған. «Перемышль және львов тастүлектерінің маршында» украина халық орталығы жанынан өтіп бара жатқан топтың ішінен біреу «Украиндықтарға өлім!» деп айғай салған, осыдан кейін шеруге қатысқандардың барлығы оны қолдай кеткен.

Варшавадағы украин елшісі Андрей Дещица дипломатиялық үкімет 12 желтоқсанда аталмыш оқиғаға байланысты жергілікті полиция мен Перемышль мэриясынан ресми жауап күтетінін айтқан.

Даниада виртуалды «е-крону» валютасын шығарады

Данияның ұлттық банкі виртуалды валюта енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда, себебі қағаз ақша көптеген қаржылық шығынға әкеліп соғады және ол мәңгілік емес

Дания Ұлттық банк басшысы Ларс роде айтқандай, қағаз ақшалар елдегі транзакциялардың 20 паайызында ған қолданылады. Мұнымен қоса шынайы ақшаны жасау қымбат және тиімсіз – тыйындарды шығару Финляндияда жүреді, ал қағаз купюраларды басатын мердігер жоқ та. Алайда қағаз ақшалар тегіс жоғалып кетпейді дейді Роде мырза, бірақ шығынсыз және әсерлі нұсқалар да қарастырылуда.

Виртуалды валютаның моделі «блоекчейн технологиясы немесе оның түрлері» болып табылады, оны енгізу жұмыстарымен Ұлттық банк айналысуда.

 Египет, Сомали және Түркиядағы жарылыстар жүз адамның өмірін қиды 
Өткен күн тәулігінде лаңкестік шабуыл толқыны үдей түсті. Египет астанасы Каирдегі Әулие Марк копт соборындағы құдайға табыну уақытында, ғабадатхананың әйелдер сыйынатын бөлігінде бомба жарылды – 25 қаза тапқан, 49 жаралы.  Ғибадатхананы кім жарғаны белгісіз. Бірақ кейбір ислам топтары қайғылы оқиғаны атап өткен.

Сомалидегі жарылысқа кінәні лаңкестік «Аль-Шабаб» тобы алды. Астаналық портқа жақын жерден миналанған автокөлікті жарып, лаңкестер 29 желтоқсанға дейін екі ай бойы жалғасып келе жатқан парламент сайлауын үзбек. Мұны олар өздері айтқан. Жарылыс нәтижесінде – 29 адам қаза тауып, 50 жарақат алды.

Кеше, 10 желтоқсанда, лаңкестік жарылыстан түркиялық Стамбул дір етті. Ол жерде 38 адам қаза тауып, 155 жарақат алған. Бұл лаңкестік әрекеттерден 92 адам қаза тауып 254 адам жарақат алды.

Мексикада Колима жанартауы оянды

Ел астанасының батысынан 700 километрде орналасқан жанартау отты шарларды лақтыра және жанартау күлін бірнеше жүз метр биіктікке көтере бір түн ішінде 4 рет атылған.

Оқиғаны осы өңірде орналасқан ведкамералар түсірген.

Колима – Мексикадағы ең белсенді жанартау, оны тіпті Мексикалық Везуви деп те жиі айтады. Ағымдағы жылы ол бірнеше рет атқылап үлгерген, алайда оның кратерінен лава бірінші рет ақты.
Следующая →