АҚШ мемлекеттік департаменті американдықтарға Еуропада терактілер болуы мүмкін деп ескертті
АҚШ мемлекеттік департаментінде «Ислам мемлекеті», «Аль-Каида» (ҚР тыйым салынған) және оның филиалдары Еуропада теракт жоспарын құруды жалғастырып жатқаны туралы сенімді ақпараттар бар
АҚШ азаматтарына бағытталған мекеменің хабарламасында, өздерін «Ислам мемлекеті» санайтын джихадтық топ пен оған туыстас ұйымдар еуропа елдеріндегі рождество шараларын мақсат еткен шабуылдар ұйымдастырмақ деп көрсеткен.
- Сенімге тұрарлық ақпарат көздері «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті», «Аль-Каида» мен оның филиалдары жақындап Еуропадағы келе жатқан мейрамдар мен оған қатысты оқиғаларға екпін жасай отырып теракт жоспарлауда екенін айтады, - деп хабарлайды Мемлекеттік департаменті.
АҚШ азаматтарына туристік нысандарға барғанда, көлікте және адамдар көп топтасқан жерлерде сақ болу ұсынылды.
- Ашық аспан астындағы фестивальдар, іс-шаралар мен жәрмеңкелерде қырағылық таныту керек, - дейді ескертуде.
Құжатта ислам экстремистерімен соңғы жылы Бельгияда, Германияда және Турцияда жасалған шабуылдар туралы айтылған. Мемлекеттік департамент терактілердің алдын алуға бағытталған еуропалық арнайы қызмет күшіне өз бағасын беруде, алайда жаңа шабуылдарыдың потенциалы Еуропаның бірза бөлігінле сақталып тұрғанын көрсетеді.
Сонымен қатар АҚШ азаматтарына экстремистерге аяушылық танытқандар немесе жалғыз басты радикалдардың рождестволық кезеңде ескерусіз шабуылға шығуы мүмкін екені айтылған.
- Лаңкестер дәстүрлі де, әдеттен тыс қаруларды қолдана отырып, ресми обьектімен қоса жеке тұлғаларды да көздеу арқылы неше түрлі тактиканы қолдануы мүмкін, - деп ескертеді мекеме.
Өткен жексенбіде француз полициясы лаңкесстік шабуылға дайындалды деп жеті адамды құрықтаған болатын. Бұл туралы хабарлаған сыртқы істер министрі исламистердің көздеген мақсатын атамады. Алайда, жұма күні Страсбургте әлемдегі ең ескі және ең ірі рождестволық жәрмеңкенің ашылатыны белгілі.