Британияда гомофобияны насихаттайтын мектеп жабылды
Jamia Al Hudaa ислам мектебінің айқын оқыту әдісі назардан тыс қалмады. Оқу орнын жабуға адамгершілікке жат пәндерді оқыту негіз болған. Мәселен, балаларды қызтекелерді өлтіруге тәрбиелеген
Бұл туралы Jamia Al Hudaa мектебінің бұрынғы оқушысы Алия Салим мәлімдеді. Оның айтуынша, 2006 жылы оқу ордасынан шығарып жіберген, содан бастап британдық қоғамда дұрыс өмір сүре алмаған. Салим тек 2014 жылы ғана сұхбат беріп, мектептегі оқыту жүйесі туралы барлық шындықты айтып берген. Ислам дінін насихаттаушылар бүкіл әлемнен қызтекелердің көзін жою керектігін алға тартып, балаларға оларды қалай өлтіру керектігін үйреткен.
Сонымен қатар, мектептегілер балаларға иуда және христиан дініндегілер Алланы ренжіткен, сондықтан ол дін өкілдерінен қорғанып, мүмкіндік болса өлтіру керек деп үйреткен. Бұл мектеп Ноттингемде орналасқан.
Мектептен шығарылған Салим мазаққа ұшыраған. Осы іс қаралғаннан кейін 2016 жылы ғана мектепті жабу туралы шешім қабылданған.