Қытай кеденіне 10 робот жұмысқа алынды
Қытайдың Чжухай және Чжуншань қалаларында кеден саласындағы жұмысқа робот-офицерлерінің алғашқы партиясы шықты
Роботтарға Сяо Хая есімі берілген. Адамдардың айтуынша олар бәрін естиді, көреді, жүріп-тұрады тіпті сөйлейді. Кеденнің арнайы базасының арқасында, роботтар 28 тілде кез келген сұрақтарға жауап бере алады. Оның ішіндегі кантон, қытай, ағылшын және жапон тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай алады.
Кеден ісінің бастығының айтуынша, роботтар тұлғалардың күдікті екенін түрінен-ақ танып, сол арада дабыл көтере алады.