Түркияда 1 күнде өз жұмыстарын ондаған БАҚ тоқтатты
Түркияда қоғамдық қайраткер Фетхуллах Гюленмен байланысы бар 24 телерадиостанция өзінің лецензиясынан айырылды
19 шілде күні Түркияда стсіз мемлекеттік төңкерілісті ұйымдастырмақшы болып, халықты дүрліктірген қоғамдық қайраткер Фетхуллах Гюленмен байланыста болғаны үшін 24 телерадиостанцияның лицензиялары қайтарылып алынды. Гюлен төңкеріліске өзінің еш қатысы жоқ екенін айтып отыр.
Гюленге қарсы жүргізілген әрекеттер кезінде 34 журналист пресс-карталарынан айырылса, Білім министрлігіндегі 15 мың қызметкер, жүздеген декан, дін істері басқармасының 490 маманы, премьер министр аппаратындағы 257 қызметкер, тінту қызметінің 100 шақты маманы жұмыстан шектетілді.
Түркия билігі төңкеріліске қатысы бар деген 49 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарды.
Олардың барлығы мемлекетке қарсы астыртын әрекеттер үшін айыпталуда.
Сонымен қатар, Анкара билігі АҚШ еліне Гюленді экстрадициялау үшін досье жіберді. Гюлен Америка құрама штатына қуғынға ұшырап ауып кеткен.