Хоккейші қыздарымыз Әлем чемпионатында жүлделі орыннан көрінді
Түркияның Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (екінші дивизион, А тобы) аяқталды

Оған Қазақстан, Латвия, Түркия, Жаңа Зеландия, Нидерланды және Оңтүстік Корея құрама командалары қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Торпедо" ХК сілтеме жасап.
Қазақстандық қыздар Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) және Нидерланды (7:0) құрама командаларынан басым түсті. Алтын жүлде үшін шешуші ойында қыздарымыз Оңтүстік Корея құрама командасына жол берді – 1:5. Нәтижесінде Қазақстан құрама командасы күміс жүлдегер атанды.
Әлем чемпионатында "Торпедо" хоккей клубының өкілдері бас бапкер Мария Федоренко, қақпашылар жаттықтырушысы Дарья Дмитриева, қақпашы Мария Яковлева, қорғаушылар Ульяна Куклина, Ева Иншакова, шабуылшылар София Зубкова, Томирис Саяхаткызы, Злата Попова, Айдана Рахатқызы еліміздің намысын қорғады.