Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +33°
$
525.87
+1.63
614.37
+1.43
¥
73.31
+0.16
6.72
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ домбырашылары күй ойнап, Гиннестің рекордтар кітабына енді

Талдықорғанда елдің түкбір-түкбірінен жиналған бес мыңнан астам домбырашы бір мезетте "Балбырауын" күйін орындады

Новости мира / Қазақ домбырашылары күй ойнап, Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото:
depositphotos.com

Бұл оқиға әлемдік рекорд болып тіркелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Балбырауын" күйінің жаппай орындалуы - Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған адамның басын қосқан республикалық мәдени жобаның шарықтау шегіне айналды. Шараға жасы мен мамандығына қарамастан, мектеп оқушылары, кәсіби домбырашылар, әуесқойлар да қатысты, - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет министрлігі. - Ұйымдастырушылар алдын ала онлайн және офлайн түрде дайындық өткізіп, әрбір қатысушының шығарманы меңгеруіне мүмкіндік жасады. Шара күні бес мыңнан астам адам бір алаңға жиналып, дирижёрдің жетекшілігімен күйді бір ырғақпен, бір тыныспен орындады. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері бұл сәтті "Адамзат тарихындағы ең ауқымды домбырамен күй орындау" ретінде тіркеді.

Бұл жетістік - халықаралық мойындаудан бөлек, дәстүрлі өнердің қазіргі қоғамда да өз орнын таба алатынын көрсеткен маңызды оқиға болды. Күй - тек өткеннің сарқыты емес, бүгінгі ұрпақтың жүрегінен орын алған өміршең өнер.

Флешмобтан кейін жастар арасында домбыра үйренуге деген қызығушылық күрт артты. Репетициядан және шарадан түсірілген бейнематериалдар әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Шетелдік ақпарат құралдарының қызығушылығы мен жаңалықтың кеңінен таралуының арқасында қазақтың домбырасы туралы бүкіл дүние білді.

Следующая →