ШҚО мен ҚХР СҰАА арасында 13 меморандумға қол қойылды
Бұл меморандумдардың жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдағы "Алтай – ортақ үйіміз" атты халықаралық ынтымақтастық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгі таңда өңір аумағында 45 Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Қытай Халық Республикасының ШҚО-ның сыртқы саудасындағы үлесі 20%-дан асып, 1 млрд АҚШ долларынан артып отыр.
Конференцияда ҚХР СҰАА, ШҚО, Абай және Жетісу облыстары, Ресей мен Моңғолия өңірлерінің басшылары сөз сөйледі.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов форумның Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы жоғары деңгейдегі мазмұнды әрі белсенді диалог аясында өтіп жатқанын атап өтті.
Екі елдің көшбасшылары екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына, көлік-логистикалық интеграцияға, бірлескен экологиялық бастамаларға, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық өзара әрекеттестікке жаңа серпін берді. Мемлекет басшылары елдер арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын атап өтіп, "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясындағы әріптестікті тереңдету бағытын растады.
Сонымен қатар, форум Қытайдың көне әрі ұлы мерекелерінің бірі - "Дуаньу" (Айдаһар қайықтарының мерекесі) қарсаңында өтті.