Қажылыққа баратындарға вакцина алу міндеттелді
Қажылыққа келетіндерге менингококк инфекциясына қарсы вакцина міндеттелді

Фото:
Устинка LIVE
Сауд Арабиясы қажылыққа келетіндерге жаңа талап қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының ақпаратына сүйеніп.
Талапқа сай 10 ақпаннан бастап умра мен қажылыққа баруға ниетті 1 жастан асқан барлық жолаушының инфекцияға қарсы екпе алғаны туралы сертификаты болуы керек.
Кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын аталған вирусқа қарсы төрт валентті полисахарид вакцинасы салынған болуы керек.