Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді
Фото:
pixabay.com
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Устинка тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қонған ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам мерт болды. Ұшақта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Әуе көлігіне мінген 181 адамның арасынан екі кісі ғана тірі қалған.