Семсерлесуден әлемдік бәсекеде Қазақстан ерлер командасы қола қанжығалады
Ерлер командасында өскемендік Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді
Ұлттық құрама сапындағы шпагашылар Канаданың Ванкувер қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Марапатқа жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг, Италия құрамаларына қарсы кездесулерде жеңіске жетті. Олар алдымен Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен ұтты. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырғандарымен, жартылай финалда 28:45 есебімен Жапонияға есе жіберді.
Үшінші орын үшін тартыста Франция спортшыларын 35:34 есебімен жеңді. Алтын медаль Венгрия елінің қоржынында кетті. Олар финалда Жапония шпагашыларынан басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов (екеуі де Өскемен), Элмир Әлімжанов және Ерлік Сертай қорғады.