Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны Түркияға автокөлікпен жетті

Күршімдік Ақижан Тащанов Өскеменнен Стамбулға автокөлікпен саяхат жасады

Новости мира / ШҚО тұрғыны Түркияға автокөлікпен жетті
Фото:
Ақижан Тащанов ұсынды

Өскеменнен Анталья қаласына дейінгі жол ұзақтығы 6000 мың шақырымды құраған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кәсіпкер Ақижан Тащанов жолға жалғыз емес, достарымен шыққан. Олар түрік еліне жеті күн ішінде жеткен. Саяхатшы жол бойы көрген-түйгенін әлеуметтік желідегі оқырмандарымен белсенді бөлісіп отырады.

Саяхаттағанды жаным сүйеді. Джип турларға қатысып тұрамын. Түркияға бару арманым еді. Әлеуметтік желіден басқа елдерден мотоциклмен барған, жаяу барғандарды көріп жүрдім. Мәселен, былтыр қырғыз жігіті жаяу барған еді. Осыдан кейін менде де ой туып, көлікпен трип жасауға бел будым. Сапар ойдағыдай өтті. Жанымда Нұрлыбек, Амангелді, Жангелді деген достарым бар. Бірнеше мемлекеттің шекарасынан өттік. Ең қатал тексеріс Шешен республикасында болды. Өскеменнен шығып, Семей, Павлодар, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ресейдің Астрахань, Грозный, Грузияның Батуми қалаларын көлікпен жүріп өтіп, Стамбулға аман-есен жеттік. Түрік еліне келгенде авто сақтандыруды 8000 теңгеге жасаттық. Мұнда бензиннің 1 литрі 600 теңге екен, - дейді саяхатшы Ақижан Тащанов.

Ақижан Тащанов ұсынды

Саяхаттың шығыны әр кісіден бір бағытқа 150 мың теңгеден айналған.

Қазір саяхатшы Түрік елінің Каш қаласын аралап жүр. Кейін Стамбул қаласын көріп, Стамбулдан Мекке, Мединаға қажылық жасамақ.

Ақижан бұл сапарын ерлік тұтпайды, бірақ адамдарға бәрі мүмкін екенін көрсеткеніне дән риза. Ол әлеуметтік желіде қарапайым адамдарға өз көлігімен арзан саяхаттауға болатынын жеткізгісі келген.

Следующая →